Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Жаңалықтар
24.11.2021, 13:39

Мемлекет басшысы Амандық Баталовқа алғыс айтты

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Сондай-ақ Президент жарлығымен Амандық Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы «Эдем ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист болып бастаған.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылы «Алмаз және Компания» компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, ҚР Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің басшысы.

1997-1998 жылдары «Мұнай тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

08.1998-03.2000 жылдар аралығында ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы.

03.2000-12.2000 аралығында ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

01.2001-05.2001 аралығында KEGOC ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.

05.2001-08.2007 жылдар аралығында KEGOC ашық акционерлік қоғамының президенті.

27.08.2007-14.10.2008 жылдар аралығында Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

10.2008-11.2009 жылдар аралығында KEGOC акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

30.11.2009-12.2013 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі.

12.2013-25.03.2016 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі.

25.03.2016-18.02.2019 жылдар аралығында ҚР Энергетика министрі.

2019 жылдың 18 желтоқсанында Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom