Қазақстанда ПТР-тест бағасы төмендеді

Жаңалықтар
23.12.2021, 10:39

Ірі зертханалардың филиалдарында ПТР-тестің бағасы бұрынғы деңгейде қалып отыр

Қазақстанда ПТР-тест бағасы төмендеді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі коронавирусты анықтауға арналған ПТР-тест бағасының төмендегенін хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, 2021 жылы 6 желтоқсанда «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін төмендеткен. Ұлттық сараптама орталығы республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді.

Ресми мәліметке сәйкес, қазір ПТР-тестің құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге, ал Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 5 мың теңгеге дейін төмендетіліп отыр.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР-тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін түсірді», - делінген ресми хабарламада.

Алайда ірі зертханалардың филиалдарында ПТР-тестің бағасы бұрынғы деңгейде қалып отыр. Орташа құны – 7,4 мың теңге.

Айта кетері, 2020 жылы қазан айында ПТР-тестің бағасы 12 мыңнан 9 мың теңгеге дейін төмендеген болатын.

Сұхбат

PhotoRoom