«TALQYLAU» ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН СӘТТІ БАСТАДЫ

Аймақ
29.03.2022, 17:38
«TALQYLAU» ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН СӘТТІ БАСТАДЫ

«AMANAT» партиясының Youtube желісіндегі ресми аккаунтында және Астана телеарнасының Facebook-тағы парақшасында «TALQYLAU» алаңындағы алғашқы пікірталастың онлайн көрсетілімі өтті. 

Алғашқы тақырып Президент Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауындағы мәселелерді талқылауға бағытталды. 
Пікірталас алаңының жұмысына партия басшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар қауымдастығы мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Тікелей эфирде, ашықтықты қамтамасыз етіп өткен диалог алаңы елдің сенімін нығайтты деп зор сеніммен айта аламын. Жаңа Қазақстанды құруда партия белсенді жұмыстарын бастап кеткені көпшілікке аян. 

«AMANAT» партиясы ашық, кәсіби және тең жағдайда – жария диалогтың жаңа стандартын қалыптастырады. «TALQYLAU» отырысының негізгі уақыты саяси жүйені трансформациялау және аралас сайлау жүйесіне көшу туралы пікірталастарға арналды. Бұл ретте, спикерлерге сұрақтарды залдағы сарапшылар мен қатысушылар ғана емес, сонымен қатар онлайн-көрермендердің де қоюына мүмкіндігі болды. Бүгінгі пікірталас алаңында жалпы, 700-ден астам пікір мен сұрақтар келіп түсті.

Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Керімбаева Наргиза Абайдуллақызы

Сұхбат

PhotoRoom