ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

Жаңалықтар
31.03.2022, 16:15
ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

1 сәуірден бастап 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберіндегі қайтарымсыз гранттар алудың бірінші легіне өтінімдер қабылдау басталады. Грантқа өтінім берудің алғашқы легіне 2019-2021 жыл аралығында «Бизнес бастау» оқу курсынан өтіп, сертификаты бар азаматтар қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады. Аталған шараға қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім береді. Портал 1 сәуірде іске қосылады.

Биылғы грант мөлшері -400 АЕК ( 1 225 200 тг дейін) құрайды.

Грантқа өтінім берудің І легіне «Бизнес бастау» сертификаты бар төмендегі санаттағы жұмыссыз азаматтар өтінім бере алады:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- көп балалы отбасы мүшелері;
- қандастар, қоныс аударғандар;
- мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және (немесе) мүгедектер;
- жұмыссыз жастар (29 жасқа дейін) қатыса алады.

Ескерту: Өзгерістерге байланысты, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту курстары уақытша тоқтатылды. Курстың басталуы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік желісінде қосымша хабарланатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom