ТАЛПЫНҒАН ЖАСҚА ЖОЛ АШЫҚ

Жаңалықтар
04.04.2022, 17:23
ТАЛПЫНҒАН ЖАСҚА ЖОЛ АШЫҚ

2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған. Олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан.

«Жастар практикасы»- уақытша жұмыс орны есептеледі және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.

Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы көтеріліп (30 АЕК) — (91 890 тг) және мерзімі 12 айға дейін ұзартылған (бұрын 6 ай болатын). 2022 жылы «Жастар практикасына» 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 700-ге тарта жас жолдама алып, олар барған жерлерінде еңбек етуде.

Сұхбат

PhotoRoom