Қасым-Жомарт Тоқаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасын қабылдады

Аймақ
20.04.2022, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасын қабылдады

«University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пя Мемлекет басшысына:

- корпоративтік қор жұмысының нәтижелері мен жетістіктері туралы;

- инновациялық медициналық орталықтың даму перспективалары туралы;

- Назарбаев университетіне қарасты медициналық мектеп жанынан Академиялық медициналық орталық ашу жоспары туралы айтты.

Анықтама: мұндай орталықтың ашылуы клиникалық білім беру деңгейін көтеруге және оны халықаралық стандартқа сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бұл орталықтың жұмысы ғылыми-зерттеу, білім беру және клиникалық қызметтің синергиясы негізінде озық білім мен тәжірибені пайдалануға, жаңа формациядағы медицина саласының мамандарын даярлауға, емделушіге бағдарланған медициналық жәрдем беру жүйесін дамытуға бағытталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау сапасын арттырудың, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етудің аса маңызды екенін атап өтіп, отандық медицинаны жаңғыртуға бағытталған жоспарына оң баға берді.

Сұхбат

PhotoRoom