ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
20.04.2022, 18:53
ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Фракция мәжілісін, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы ашып, жүргізді.

Мәжіліске «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, қалалық мәслихат хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері мен жауапты басқарма басшылары және партия филиалдарының қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
                                                                                                      
1. «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалу барысы туралы;
2.Фракция мүшелерінің атқарып отырған қызметі мен депутаттық рейтингісі; 
3.«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінде инклюзивті кабинеттерді ашу туралы.

Фракция отырысының соңында қалалық партия филиалының Төрағасы, қала әкімі төмендегі тапсырмаларды жүктеді. 
1. Жергілікті атқарушы органдарға «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасының уақытылы және сапалы іске асырылуын орындау; 
2. Сайлауалды бағдарламада көрсетілген іс-шараларға бюджеттен қаражат бөлінуін бақылауға алу;
3. Фракция мүшелеріне Сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша бекітілген Жол картасындағы Өздеріңізге тиесілі индикаторлардың іске асырылуын қатаң бақылауға алу. Орындалмай қалу қаупі бар іс-шараларды фракция отырыстарының күн тәртібінде қарау;
4. Қалалық партия филиалына депутаттық рейтингіні қалыптастыруда ашықтық пен жариялылықтың болуын қамтамасыз ету;
5. Білім басқармасының басшысына Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінде инклюзивті кабинеттерді ашу мүмкіндіктерін қарастыру. Атқарылған жұмыстар бойынша қалалық партия филиалына жазбаша ақпарат жолдау.

Сұхбат

PhotoRoom