АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНДЕ ТЫҢДАЛДЫ.

Жаңалықтар
22.04.2022, 17:50
АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНДЕ ТЫҢДАЛДЫ.

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі, партия филиалының атқарушы хатшы орынбасары Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға жазылған азаматтардың жеке-жеке сауалдарын тыңдады. Шағымданған тұрғындар көкейдегі мәселелерін алға тартып, біршама талап тiлектерiн жеткізді. Атап айтар болсақ тұрғын үй, қоғамдық көлік және түрлі әлеуметтік мәселелер. Өз кезегінде халық қалаулысы  азаматқа заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әрбір талап тілек партия бақылауында болатындығын жеткізді.  
Сонымен қатар, тұрмыстық қиын жағдайға тап болған бірнеше азаматтың мәселелері оң шешімін тапты.

Сұхбат

PhotoRoom