Өскемендегі ҚХА жылы салтанаты 7 мың адамның басын қосты

Аймақ
06.02.2015, 14:47

Қазақстанның барлық өңірінде басталған «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуы» салтанатты шарасы Өскемен қаласында  7 мың адамның басын қосты.

Шығыс Қазақстанда шара ашық аспан астында өтті. Бұл оны өзгелерден ерекше етті, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Ербол Нұрғалиев.

ШҚО-да ҚХА жылының жалауын көтеру мәртебесі Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға, түрлі этномәдени бірлестіктің ардагерлері мен балаларына бұйырды.

Облыс әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құттықтауын оқыды. «Биыл Қазақстанда 5 ірі мерейтой аталып өтіледі. Бүгіл елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы басталды. Ассамблея этностарды топтастырып, біріктіріп тұрған организм іспетті.  Барлығымызға ортақ міндет - көп ұлтты мемлекетімізде бейбітшілікті, бірлік пен тұрақтылықты сақтап қалу».

Салтанатты шара орталық алаңдағы концертке ұласты. Шаңғы жарысы өтті. Оған  облыстың 19 ауданынан 700 шаңғышы қатысты. Мұз айдынында жастар «Біз бірлігімізбен мықтымыз» флеш-мобын ұйымдастырды.  «Достық дастарқаны» жайылып, этномәдени орталықтар қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынды.

 

Сұхбат

PhotoRoom