АЙМАҚТЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Жаңалықтар
12.05.2022, 07:19

Конституциялық реформа – мемлекетімізді одан әрі демократияландыру жолындағы маңызды тарихи кезең

АЙМАҚТЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

 Бұл реформалар саяси-әлеуметтік дамуға, экономикалық жаңару мен жаңғыруға үлкен серпін береді. Еліміздің саяси-құқықтық өзгерістердің нәтижелі болуын қамтамасыз етуге, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың жаңа тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің қалыптасуына ықпал ететін конституциялық реформалардың маңызы зор.  

Бүгін, «AMANAT» партиясы фракция жетекшісінің орынбасары, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты,  Шымкент қалалық партиялық штабының мүшесі Танатарова Жадыра «Sairam-Orkeniet» бастауыш партия ұйымында конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. 
Жиын барысында штабтың мүшесі Танатарова Жадыра конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Атап айтқанда: біріншіден, суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, президенттік республика моделіне өту; екіншіден, биліктің бірқатар өкілеттігін қайта бөлу; 
үшіншіден, парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі; 
төртіншіден, халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту; 
бесіншіден азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейту екенін нақтылап түсіндіріп өтті. 
Жиынға қатысушы түрлі страта өкілдері реформаларды  қолдайтынын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom