Ұлытау облысындағы Шәбден Ералиев ауылының тұрғындары қымыздан көл-көсір пайда тауып отыр.
Елді мекендегі 265 үй түгел бие байлайды. Осының нәтижесінде елдің ырысы артып, Қазақстандағы үздік 30 ауылдың қатарына кірген.
Елдос Кәкенов, тілші:
- Ежелден балдай қымызымен танылған Жаңаарқа даласында жылқының саны 100 мыңға жуықтайды. Соның бестен бір бөлігі осы Ералиев ауылына тиесілі. Мұндағы әр шаңырақ кем дегенде бір үйір бие байлайды. Көктемде, әсіресе, күзге салым шөп піскенде қымыз саудасы қызады.
Шубай Нұржанбаев, Ш.Ералиев ауылының тұрғыны:
- Осы көшеде кезінде жалғыз-ақ айғыр болады екен, 20-30 үйде бір бие, екі биеден болады екен. Қазір енді үй басы 2,3, 4 үйірден, 5 үйірден, одан да көп тіршілік қып отырған азаматтар бар. Азық қылады, сатады. Осыдан амандық болса октябрьдің біріне дейін қымыз сауады.
Жаз ортасы ауғанда қымыз сұйылады. «Дегенмен, әлі де сұраныс көп», - дейді тұрғындар. Берден Жұмабаев қазірдің өзінде күніне 100 литр қымыз сатып отыр. Ол 30 жылдан бері осы жылқы шаруашылығымен айналысады.
Берден Жұмабаев, Ш.Ералиев ауылының тұрғыны:
- Әсіресе, Жаңаарқа ауданында Жеңіс пен Ералиев, Ақтүбек совхоздары жақсы жылқыны байлайды. Бұл жақта бие байламайтын үй болмайды. Жан-жаққа қымыз өткіземіз. Өзіміздің үйренген+ клиеттеріміз бар. Өздері тапсырыс береді. Қайсыған қанша? Соған қорап жасап жіберіп отырамыз. Астанаға да, Қарағанды, Жезқазған.
Ауыл тұрғындары қымыз сату үшін алысқа бармайды. Тапсырыс беріп, үйден алып кететін тұтынушылар қатары көп. Одан қалды іргеден теміржол желісі мен Қарағанды – Жезқазған трассасы өтеді. Шолпан Сабырбаева: «Қымызың дәмді болса, жарнаманың да қажеті жоқ», - дейді.
Шолпан Сабырбаева, Ш.Ералиев ауылының тұрғыны:
- Ыстауға да байланысты. Тобылғымен ыстаймыз май жағып. Құйған сайын 100-ден пісеміз. Кешке жатарда мың пісеміз, таңертең мың пісеміз. Сосын мұздатып отырамыз. Сонда қымыз балдай тәтті болады.
Мал шаруашылығының машақаты көп. Дегенмен, Ералиев тұрғындары ата кәсіптен қол үзбек емес. Керісінше, қымыз саудасы қызған сайын бірінен бірі асып бие байлауға көшкен. Осының нәтижесінде тұрмысы түзеліп, 2021 жылы Ералиев ауылы Қазақстандағы үздік 30 ауылдың қатарына кірді. 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылда бүгінде бірде-бір жұмыссыз тіркелмеген.
*****
Жители села в области Улытау построили бизнес на производстве кумыса
Производство кумыса стало бизнесом для жителей села Ералиево в области Улытау. Там всего 265 дворов. В каждом содержат лошадей.
Сельчане заняты переработкой и продажей кобыльего молока. Продукция пользуется спросом внутри региона и за его пределами. На весь Жанааркинский район - 100 тысяч лошадей. Пятую часть из них содержат жители села Ералиево. Лошади есть в каждом дворе. С весны до осени жители заняты производством кумыса.
"Раньше на этой улице был всего один жеребец. А на 20-30 домов приходилось по одной-две кобылы. Сейчас есть люди, которые содержат по 3-4 табуна. Бывает и больше. Все заняты переработкой кобыльего молока", - говорит житель села Ералиево Шубай Нуржанбаев.
Каждый день Берден Жумабаев продает сотню литров национального напитка. Самый большой спрос на него весной. Покупатели выстраиваются в очередь.
"В Жанааркинском районе лошади находятся на вольном выпасе. Во время весеннего разнотравья кобылье молоко особенно питательное. У нас есть постоянные клиенты. Делают предварительные заказы. Кумыс отправляем партиями по месту, а также в Астану, Караганду и Жезказган", - рассказывает сельчанин Берден Жумабаев.
В каждом дворе рецепт приготовления национального напитка свой. Шолпан Сабырбаева продает кумыс без всякой рекламы. Рынок завоевывает качеством.
"Все зависит от вкуса. Если людям нравится, они возвращаются за кумысом снова. В приготовлении мы используем ветки таволги для копчения и масло. Молоко взбиваем тысячу раз вечером и утром. Потом его охлаждаем. Напиток получается очень вкусным", - говорит женщина.
Четыре года назад Ералиево включили в тридцатку лучших сел страны. В населенном пункте две тысячи жителей и ни одного безработного. Все заняты в коневодстве.