Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.
Әлемдегі бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты толығымен жойған жоқ, тек оның деңгейін төмендетуге болады. Біздің мемлекетіміздің осы әлеуметтік зұлымдықпен белсенді күресіп жатқаны қуантады, оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар осының жарқын дәлелі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі 15 тарау бар, ол 13 баптан тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа бағытталған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бірі адамның лауазымдық, қызметтік жағдайын пайдалануы болып табылады.
Құқықтық мемлекеттегі заңдылықты сақтаудың қарапайым мотиваторы эмоционалдық мотивтердің бірі-қорқыныш болуы керек. Іс-әрекеттер мен істерден қорқу ғана емес, сонымен қатар жасырын заңсыз әрекеттер жасау арқылы өз болашағыңыз туралы, балалардың, туыстардың болашағы туралы, оның ішінде әріптестер мен басқалардың пікірі туралы да ойлану керек.
Мәселен, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 43-бабының 4-бөлігіне сәйкес, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің жасағаны үшін, ҚР заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады сыбайлас жемқорлық қылмыстар мынадай шарттардың жиынтығы кезінде егер:
- бағынысты адам жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінәсі арасында байланыс орнатылды;
- қарамағындағыларға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісі бар не сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің негізінде тоқтатты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіру және зерделеу бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім - тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі».
Сондай-ақ, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:
- сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;
- моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
- құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;
- қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;
- мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.