ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАЙТЫН АУРУЛАР

Рейтинг
12.12.2025, 21:32
ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАЙТЫН АУРУЛАР

Қоғамдық орында шылым шегуге тыйым салған елдер жыл өткен сайын көбеюде. Олардың арасында Қазақстан да бар. Өткен жылы, тіпті, Ресейде балконда темекі шегуге тыйым салынған болатын. Дегенмен темекі саудасымен күрес айтарықтай көңіл көншітпейді. Себебі жыл санап шылым шегушілердің жасы төмендеп жатқаны туралы сарапшылар дабыл қағуда.

        Алайда мүлдем темекі пайдаланбақ түгілі оны сатуға да тыйым салған мемлекет туралы естігеніңіз бар ма? Әлемде темекі сатуға тыйым салған бір-ақ мемлекет бар. Ол – 700 мыңнан астам халқы бар Бутан патшалығы. Үндістан және Қытаймен шекараласып жатқан ел. Бутанда қоғамдық ортада темекі шегуге XVII ғасырда-ақ тыйым салынған. Ал ел билігі одан әрі қатаң шараға барып, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап мүлдем темекі сатуға тыйым салды: темекі шеккендерге қымбат айыппұл салынды: құны 175 еуроға тең.

       Темекі шегудің әсерінен қандай аурулар пайда болады және оның адам ағзасына зияны туралы дәрігер пульмонолог Сәрсенкүл Қалмаханқызы кеңінен әңгімелеп берді.

Маманның айтуынша, ең алдымен темекі өкпе және тыныс алу жолдарын зақымдайды. Темекінің ағзаға зияны бірінші тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Зиянды заттар тыныс алу жолдарының тіндерін зақымдап, кеңірдек түктерінің қызметін бәсеңдетеді. Шайырлар өкпе альвеоласын бітеп, газ алмасу орнын азайтады. Азот оксиді тыныс алуды қиындата отырып, бронхты тарылтады. Соңында барлық деммен кірген заттар мен микроағзалар өкпе тіндерін бітеп, қанның құрамына сіңеді де, бүкіл ағзаға тарайды.

  • Темекі шегу бронх демікпесі, созылмалы ринит, туберкулез, созылмалы өкпе ауруларына (бронхит және т.б.) шалдықтырады немесе оларды асқынтады, сондай-ақ суық тию мен тұмаумен ауыру жиілігін арттырады. Жүрек-қантамыр жүйелерінің аурулары дәл осы шылымнан туындауы ғажап емес. Никотин тамырлардың тарылуына ықпал етіп, уақыт өте келе аяқ-қолдың ұсақ тамырларының бітелуіне алып келеді. Иіс газы күретамырларға жиналып, қанның жүруін бәсеңдетеді, гемоглобинмен бірігіп гипоксияға, яғни ауаның жетіспеуіне әкеліп соғады. Адреналин секрециясын күшейту артериялық қан қысымын көтеріп, жүректің жиырылу жиілігін жеделдетеді, - дейді Сәрсенкүл Қалмаханқызы.

Жалпы дәрігер маманның айтуынша, көңіл-күй түсіп, белсенділік пен еңбекке қабілеттілік төмендейді. Сонымен қатар,темекі шегу қан құрамындағы холестерин деңгейін   қауіпті, ол ұйыған қанның пайда болуы, инфаркт пен инсульттің қаупін тудырады. Обыр кесін тудыратын бірден бір себеп ұдайы темекі пайдалану болып табылады. Темекіге құштарлықтың өте зиянды салдары бронх, өкпе, кеңірдек, көмей, өңеш, қуық пен ұйқы безінің онкологиялық аурулары болып табылады. Ас қорыту мүшелерінің ақаулары (тоқ ішекте полиптердің пайда болуы, асқазан мен ұлтабардың жарасы, гастрит, іштің шаншуы – ішектің шырышты қабығының қабынуы және т.б.)

        Ауыз қуысы аурулары да шылым шегушілерді мазалайтыны белгілі. Темекі шегудің салдары тіс эмалінің сарғаюы ғана емес, жара гингивит, пародонтит, шырышты қабықтың онкологиялық зақымдалуы секілді қауіпті ақаулар болып табылады. Сонымен қатар, никотинге толы темекі қимыл-тірек аппаратының бұзылуына да әсер етеді. Темекі шегу сіңір мен байламдарға, сондай-ақ бұлшықет тіндеріне зиянды әсер етеді. Темекінің әсерінен ағзада кальцийді сіңіру нашарлап, остеопорозға шалдығады да, сүйектің сыну жиілігі және ревматоидтық артритке шалдығу қаупі артады.

         Көз аурулары (торқабықтың зақымдалуы, нистагм (көз алмасының қозғылысының ауытқуы), темекі амблиопиясы (көздің көрмеуі), диабет ретинопатиясы (қант диабетімен ауырғанда көз торқабығы тамырларының зақымдалуы, катаракта және т.б.)

         Репродуктивтік жүйенің ауыруы. Темекі шегу жыныс мүшесінің қызметінің бұзылуына, белсіздікке шалдығуға, болашақ аналар мен олардың ішіндегі ұрықтың саулығына қауіп төндіреді. Тіпті бедеулік себебі де осы темекі шегуден болуы мүмкін.

           Темекі шегудің сыртқы келбетке қандай зияны бар? Бұл туралы дәрігер маман былай әңгімелейді.  Созылмалы гипоксия мен тамырдың тарылуы шылымқордың терісінің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады да, оған нәрлі заттармен ауа бармайды. Тері сұрланып, сусызданып шаршаңқы көрінеді. Терінің созылғыштығын жоғалтуының салдарынан

мимикалық әжімдердің көлемі артады.

Сұхбат

PhotoRoom