ОҚО басым бағытының бірі тоқыма кластері

Аймақ
25.02.2015, 15:37

Тоқыма кластері – Оңтүстік Қазақстан облысының басым бағыттарының бірі. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі дем берген «Oxy Textile» мақта-матадан жіп иіру зауытын қайта іске қосу салтанатында айтты, деп хабарлайды Bnews.kz. 

«Бізде осындай және басқа да тоқыма өндіріс кәсіпорындарының қызмет етуі үшін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында толығымен инженелрік инфрақұрылым жасалған», − дейді әкімнің орынбасары.

Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 21,665 миллиард теңгені құрайтын 8 жоба іске асып, 1445 жұмыс орны ашылған. Одан бөлек, құны 114,7 миллиард теңгені құрайтын 11 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жалпы, мұнда 7141 жұмыс орны ашылмақ. Соның ішінде 2015 жылы құны 4,664 миллиард теңгені және 1200 жұмыс орны ашылатын 4 жоба іске қосылады», − дйді ол.

Сапарбек Тұяқбаев «Oxy Textile» ЖШС зауытын сауықтырудың әр кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау жасалғанын атап өтті.

«Тоқыма кластері – біздің аймақтың бірден-бір басым бағыты болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс жасайтын кәсіпорын – бұл бюджетке түсетін қосымша салық төлемдері, жаңа жұмыс орындары және облысымыздың әлеуметтік тұрақтылығы», − деп атап өтті Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

 

Сұхбат

PhotoRoom