Облыс әкімі ағынан жарылды

Аймақ
25.02.2015, 15:38

 Ақтөбе облысының шаруалары мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz. 

«Сыбаға» бағдарламасының арқасында Ақтөбе облысының шаруалары 14 мыңнан астам ірі қара сатып алған. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама осыдан үш жылдай бұрын бастау алған еді. Осы уақыт аралығында ақтөбелік 410 шаруа қожалығының қажетіне 2 миллиард теңге бөлініпті. Қазір осыншама қомақты қаржыға сатып алынған асыл тұқымды ірі қараның басын көбейтіп жатыр.

«Ақтөбе облысының шаруалары «Сыбаға» бағдарламасынан басқа «Алтын асық» пен «Құлан» арқылы да мал сатып алды. Былтыр қораларын 2,6 мың қой және 320 бас жылқымен толықтырды. «Ырыс» бағдарламасының арқасында екі сүт фермасы құрылып, биыл жергілікті «Айс» компаниясы өз өндірісін кеңейту үшін 1600 ірі қара мал алуды жоспарлап отыр», - дейді Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

 

Сұхбат

PhotoRoom