ОҚО-да жылыжай көлемі 910 гектарға жетті

Аймақ
25.02.2015, 18:43

Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығысаласында жалпы өнім көлемі 324,6 млрд. теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 28 млрд-қа көбейген.

Егіс көлемі 5 мың га  ұлғайып, 779 мың га жеткен. Суармалы жер 21,6 мың га артқан. Өңірде 2,3 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналып, 490 мың тонна өнім (көкөніс, бақша) Кеден одағы елдеріне экспортталған. Бұл туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуде облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Өңірде тамшылатып суару әдісі өткен жылы 7,2 мың га ендіріліп, осы әдіспен суарылатын егістік көлемі 34 мың га құраған. Жылыжай көлемі 910 га жеткен. Бұл республикадағы көрсеткіштің 87 пайызы.  Жылыжай шаруашылықтарынан 150 мың тонна өнім жиналған.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша беліленген меже екі есе артығымен орындалып, 15,5 мың бас ірі қара алынған. Өңірлік мал шаруашылығын дамыту іс-шарасы аясында 2166 жобаға 5,8 млрд. теңге несие беріліп, 4482 тұрақты жұмыс орны құрылған.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Түркістан» сарайында өңір тұрғындары алдында есепті кездесу өткізді. Жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ж.Естенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қ.Айтаханов қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom