Ашық конкурстың мерзімі ұзартылды

Аймақ
27.02.2015, 09:48

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында орнатылатын монументтің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурстың мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінен.

 «2015 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінің беттерінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл обысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында орнатылатын монументтің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялайтыны туралы хабарлама берілді. Конкурстың шарттарына сәйкес конкурсқа қатысу жөніндегі өтініштер 2015 жылдың 1 наурызына дейін қабылдануы тиіс еді. Бүгінгі күнге конкурсқа қатысу туралы жеке және заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті», делінген хабарламада.

Қазіргі кезеңге Жамбыл облысының әкімдігімен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіштің орнатылатын жері белгіленді.

«Конкурстың ықтимал қатысушыларының назарына, сонымен қатар жобаны ұсынылып отырған ситуациялық схемаға сәйкес қосымша пысықтау, жобаға қатысушыларды толық ақпараттандыру және барынша толық қамту мақсатында конкурстық материалдарды қабылдау мерзімінің 2015 жылғы 15 наурызға дейін ұзартылатынын жеткіземіз», деп нақтыланған аталмыш департамент мәліметінде.

Сұхбат

PhotoRoom