Оңтүстік өрендері Жеңіс солдаттарын 70 күн бойы ұлықтамақ

Аймақ
27.02.2015, 17:10

Жеңістің 70 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары оқу орындары студенттерінің ұйымдастыруымен «70 күнде - 70 игі іс» шарасы басталды.

Мерекелік шара аясында 70 күн бойы облыстағы білім ошақтарында фотоплакаттар көрмесі, арнайы сайыстар, тәлімгерлік сағаттар, дөңгелек үстел мәжілістері, патриоттық әндер байқауы мен айтыс өткізілетін болады.

16

Бүгін мерекелік шараның алғашқы күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерінің фотоплакаттар көрмесімен ашылды. Ерлігімен ел есінде қалған аға буын өкілдерін облыстық жастар орталығының белсенділері,  профессор-оқытушылар құрамы мен студент-жастар құттықтады. Шара аясында "Ешкім ешқашан ұмытылмайды!" ұранымен Мәңгілік алау оты тұтанды. Концерттік бағдарламамен  ұласқан бұл игі шараға ардақты ардагерлер өз ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтты. Осылайша өрелі оңтүстік жастары Жеңіс солдаттарын 70 күн бойы ұлықтамақ.

Сұхбат

PhotoRoom