Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Конгресс» интеллектуалды дебат клубы мен студенттік парламенттің ұйымдастыруымен «550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығы» атты жас патриоттар форумы өткізілді, деп хабарланған ЖОО сайтында.
Жиынға Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Балқаш, Шымкент қалаларынан пікірсайысшылар қатысып, баяндамалар жасады.
Аталмыш форумның көздеген мақсаты - Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту және оны жастар арасында насихаттау, сондай-ақ ұлтжандылықты, тарихи сананы, патриотизмді нығайту, жастардың саяси белсенділігін арттыру болып табылады.
Бірнеше күнге созылатын дәстүрлі іс-шара бағдарламасы бойынша форумға қатысушылар арасында футзалдан жолдастық турнир және пікірсайыс турнирін өткізу жоспарлануда.