Назарбаевтың сайлауға түсуін қуаттағандар көп

Аймақ
03.03.2015, 15:03

«Қазақтелеком» АҚ Алматы облыстық телекоммуникациялар дирекциясының қызметкерлері  Мемлекет басшысына хат жолдаған. Онда  кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу орынды екені айтылып, Елбасы лауазымына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз кандидатурасын ұсыну туралы өтініші жазылған. Бұл туралы Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Елде еңбек адамы үшін барлық жағдай жасалған. Сіздің басшылығыңызбен, өз жанұясы мен болашақ ұрпағы үшін жұмыс істегісі келетін әрбір азаматтың дамуына септесетін жаңа экономикалық саясат құрылды. Алдағы сайлауға Сіздің қатысуыңыз өте қажетті және уақыт талабы деп есептейміз», - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, облыстық телекоммуникациялар дирекциясы қызметкерлерінің жиынында кезектен тыс сайлаудың өтуі елдегі тұрақтылықтың сақталуы, әлеуметтік-экономикалық даму және Елбасы тапсырмасымен іске қосылған негізгі мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom