Болашақ саясаттанушылар олимпиадасы өтті

Аймақ
09.04.2015, 18:16

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің, саясаттану кафедрасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің “Саясаттану” мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға әр университеттің үздіктері қатысып, 4 турдан тұратын сайыста өз білімдерін сынады.

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дан келген студенттермен қатар, біздің студенттер тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде, 1 орын - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Дети Макиавелли» командасы (1, 3 курс орыс бөлімі); 2 орын – Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен келген «Politcoterie» командасы; 2 орын – «Спартак» командасы, 3 курс қазақ бөлімі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті; 3 орын – «Абзал жандар» командасы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ; 3 орын – «Gunners» командасы, 4 курс орыс бөлімі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті; 3 орын - «Нұрлы жол» командасы 1 курс қазақ бөлімі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, «Олимпиада лидері» номинациясы бойынша - Марасулов Нұрлы; «Полиглот» номинациясы бойынша – Ержан Үмбет; «Ең креативті команда» номинациясы бойынша - «Gunners» 4 курс орыс бөлімі; «Старт года» номинациясы бойынша – 1 курс студенттерінен құралған «Нұрлы жол» командасы; «Көрермендер көзайымы» - 2 курс қазақ бөлімі, «Nonstop» командасы; «Жеңіске деген ұмтылысы» үшін - 4 курс қазақ бөлімінен құралған «550» командасы марапатталды.

Ш.Б.Халикова, PhD докторы,

саясаттану кафедрасының доценті

Сұхбат

PhotoRoom