Мырзахметов мырзалық танытты

Аймақ
06.05.2015, 09:32

Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты мерекелік шарасы барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов өңірдегі 28 ардагерге мемлекеттiк наградаларды табыстап, Ұлы Отан соғысының 12 ардагеріне баспана кiлтін берді.

Салтанатты шараға қатысушылар алдымен Шымкенттегі Б.Момышұлы мен С.Рақымов ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, «Жеңіс» саябағында «Ерлік» мұражайында жалғасын тапты. Саябақ ішінде екі мыңнан астам жәдігер қамтылған «Оңтүстік өлкесі қаһарлы жылдарда», «Соғыстың қатыгез бейнесі», «Азат етуші майдангерлер» атты үш бөлімнен тұратын көрме ұйымдастырылды.

_DSC9744

Мерекелік шарада өңір басшысы:

«- Елімізде Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасалуда. Жеңіс мерекесі қарсаңында оңтүстікқазақстандық жауынгерлердің ерліктері жайлы естелік кітаптар жарық көрді. Онда Ұлы Отан соғысына өңірімізден соғысқа аттанған 140 мың аға буынның  деректері жазылған, – деді А.Мырзахметов.

Мереке қарсаңында облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен жарық көрген «Елдік ‒ елге мұра», «Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар», «Ұлы Отан соғысына қатысқан оңтүстікқазастандық жауынгерлер» атты кітаптардың тұсауы кесіліп, ардагерлерге тарту етілді.

Сондай-ақ, облыстағы театр актерлары «Соғыс оты тұтанды», «Әскерге алыну», «Баласын күткен аналар», «Майдан даласы» атты далалық қойылым көрсетті.

Сұхбат

PhotoRoom