Қызылорда тазалық айлығын шілдеге дейін ұзартты

Аймақ
06.05.2015, 09:49

Тазалық айлығы 29-шы маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарына қатысты өткен мәжілісте мәлімдеді.

Биыл көктем маусымында облыс бойынша 7 рет сенбіліктер өткізіліп, 163 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Бұған қоса, 2015 жылдың 18 сәуірінде «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні»акциясы өткізілді. Аталған шара облыстың барлық деңгейдегі елді-мекендерінде жүргізіліп, оған аумақтық, облыстық, қалалық, аудандық мекеме қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Акцияға облыс бойынша барлығы 24 мыңға жуық адам күші жұмылдырылып, 69 мыңнан аса ағаш көшеттері егілді.

Тазалық айлығының аяқталуына 10 күн қалды. Алайда аудандарда әлі күнге дейін арнайы коммуналдық мекемелер жұмысы жолға қойылмай келеді. Тазалық шараларына немқұрайлы қараған қала тұрғындары мен мекеме басшыларына 500 ден астам айыппұл салынып, 1000 нан аса ескерту жасалған.

Тазалық сақтау жұмыстарына көңілі толмағаноблыс әкімі Қырымбек Көшербаев тазалық айлығын 29-шы маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, аймақ басшысы Сыр елі ажарланып, келбеттене түсуіне жағдай жасау әрбір тұрғынның міндеті екенін айтты. Тиісті сала басшыларына барлық аудандарды аралап, көгалдандыру, көркейту жұмыстарының барысын қадағалуды, қалдықтарды тастайтын полигондарды салу жұмысын тездетуді тапсырды.  Әрбір сырбойылық өзі тұрып жатқан мекеніне деген жауапкершілігін сезініп, жанашырлық танытып, айналасын тазалап, сенбіліктерге белсене қатысса, әрбір аула, көше таза да көрікті болары сөзсіз.

 

Сұхбат

PhotoRoom