ОҚО әкімі 12 ардагерге пәтер кілтін табыстады

Аймақ
06.05.2015, 19:30

Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске мың тағзым» мерекелік шарасы барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов өңірдегі 28 ардагерге мемлекеттiк наградаларды табыстап, Ұлы Отан соғысының 12 ардагеріне баспана кiлтін берді. Салтанатты жиынға қатысушылар алдымен Шымкенттегі Б.Момышұлы мен С.Рақымов ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды, шара «Жеңіс» саябағында «Ерлік» мұражайында жалғасын тапты. Саябақ ішінде екі мыңнан астам жәдігер қамтылған «Оңтүстік өлкесі қаһарлы жылдарда», «Соғыстың қатыгез бейнесі», «Азат етуші майдангерлер» атты үш бөлімнен тұратын көрме ұйымдастырылды. Өңір басшысы: «- Елімізде Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасалуда. Жеңіс мерекесі қарсаңында оңтүстікқазақстандық жауынгерлердің ерліктері жайлы естелік кітаптар жарық көрді. Онда Ұлы Отан соғысына өңірімізден соғысқа аттанған 140 мыңнан астам аға буынның деректері жазылған, – деді А.Мырзахметов. Мереке қарсаңында облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен жарық көрген «Елдік ‒ елге мұра», «Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар», «Ұлы Отан соғысына қатысқан оңтүстікқазастандық жауынгерлер» атты кітаптардың тұсауы кесіліп, ардагерлерге тарту етілді. Сондай-ақ, облыстағы театр актерлары «Соғыс оты тұтанды», «Әскерге алыну», «Баласын күткен аналар», «Майдан даласы» атты далалық қойылымдар ұсынды ардагерлер көңілінен шықты.

Сұхбат

PhotoRoom