Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ардағым - ардагерім» атты қайырымдылық акциясы өтті

Аймақ
06.05.2015, 20:24

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге арнайы тапсырмасымен. Шымкентте Опера және балет театрында  Облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған  Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ардагерім- ардағым» қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға  «Нұр Отан» партиясы мен басқарма басшылары,білім мекемелері, жоғары және орта оқу орындарының басшылары шақырылды.Бүгінгі таңда 432 ҰОС ардагері 21436 тыл еңбеккерлеріне, құрмет пен ізет көрсету ұрпақ парызы болса, қан майданда дүниеден озған бабаларды еске алу,  қанша уақыт өтсе де, ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың рухы санамыздан өшпейтіндігін, ерлік ешқашан ұмытылмайтындығының дәлелі.  Облыстық ардагерлер кеңесі өңір тұрғындарына арнайы үндеу жолдап, әлеуметтік жағынан аз қорғалған соғыс және тыл ардагерлеріне қаржылай қолдау көрсетуге шақырған болатын. Осы бір ай мерзім ішінде облыс жұртышылығы қорға 6 млн. қаржы аударса, бүгінгі шара кезінде түрлі мекемелер мен ұйымдардың ұжымдарынан үш миллионнан астам қаржы жиналды. Шараны ұйымдастырған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов қайырымдылық акциясына қатысып, қолдау білдірген барша оңтүстікқазақстандықтарға алғысын білдіріп, жиналған он миллионға жуық қаржы мүгедек және әлеуметтік жағдайы төмен ардагерлерге берілетінін мәлімдеп ардагерлерді қуантты. Қайырымдылық шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

Сұхбат

PhotoRoom