Астана мен Мәскеуде өтетін шеруге Оңтүстік Қазақстаннан 17 ардагер аттанды

Аймақ
06.05.2015, 20:43

Астана мен Мәскеу қалаларында Жеңістің 70 жылдығына орай өтетін шеруге кеше оңтүстікқазақстандық ардагерлерді салтанатты түрде шығарып салды. Шеруге қатысатындарды облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, майдангерлерге ақ жол тіледі. Айта кетейік, Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін салтанатты шеру – ардагерлердің жылда сағынып күтетін мерейлі мерекесі. Биыл қазақстандық ардагерлер бұл шараға үшінші рет қатыспақ. Қарт жауынгерлер жеңіс шеруінің маңызы зор екенін айтады. Себебі олар Қызыл алаңда өздерінің майдандас достарымен кездесіп, бастан кешкен сәттерін еске алады.

Астана мен Мәскеуге баратын Жеңіс ардагерлерін теміржол вокзалының перронында ойнап тұрған үрлемелі әскери оркестрмен туыстары, қатарластары мен жастар шығарып салды. Елордада өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шараларға Оңтүстік Қазақстан облысынан 16 ардагер қатыспақ. Ал, Мәскеудегі шеруге баратын қазақстандық делегацияда алты ардагер болса, соның бірі шымкенттік 91 жастағы ардагер Тулебеков Қаратай. Оларды облыстық басқармалардың өкілдері мен медицина қызметкерлері алып жүреді. Шеруге қатысушы ардагерлерге демеушілердің көмегімен барлығына бірдей киім тіктірілді. Облыста бүгінгі таңда 427 майдангер мен 21779 тыл еңбеккері арамызда ғұмыр кешуде.

 

Сұхбат

PhotoRoom