Шымкентте 20 субұрқақ іске қосылды

Аймақ
06.05.2015, 21:14

Шырайлы Шымкентте бүгін субұрқақтар іске қосылды. Шаһардағы қала көшелері мен саябақтарда 20 субұрқақ болса, оның үшеуі әуенді. Әуенді субұрқақтар қаладағы «Тәуелсіздік» саябағында және Әл-Фараби алаңы мен жаңадан салынған әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа гүлзарда орналасқан. Қалаға әсем көрініс сыйлайтын субұрқақтар Тәуке хан даңғылы бойындағы «Қызғалдақ», Ордабасы алаңындағы үш субұрқақ, «Орталық», «Абай», «Жеңіс», «Металлург» саябақтары мен «Шәмші аллеясы», «Көл», С.Байтереков  атындағы гүлзарда және  әуежай мен «Имран» сауда орталығында, Тыныбаев көшесі мен А.Пушкин кітапханасы жанында, сондай-ақ, жаңадан құрылған Қаратау ауданындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы гүлзарда екі бірдей субұрқақ жұмыс істеуде. Аталған 20 субұрқақтар қаланың көркін келтіріп, тұрғындарға салқын леп беруде. Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қала аумағы үш есе кеңейіп, архитектуралық нысандар бой көтерді. Әсемде жасыл қалада 5 саябақ пен 23 гүлзар бар. Олардың барлығы 1 мамыр күні іске қосылып, қалалықтарға самал леп сыйлады. Субұрқақтары күтіп ұстау үшін қала бюджетінен 49 млн теңге қаражат бөлінген. Қаржыны үнемдеу мақсатында «Жасыл қала» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны субұрқақтардың басым бөлігін жерасты суына жалғау жұмыстарын атқаруда.

 

Сұхбат

PhotoRoom