Қазақтың батыр қызы Әлияның құрметіне ескерткіш орнатылды

Аймақ
06.05.2015, 21:23

Мақтарал ауданында Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай Әлия Молдағұлованың есімі берілген Мырзашөлдегі мектеп ұжымы қазақтың батыр қызына арнап биік тұғырға орнатылған бюст пен мемориалдық тақта ашылды. Мемориалдық тақтаға осы ауылда туып өскен 45 соғыс ардагерлерінің есімдері жазылған. Мерекелік шараға Ақтөбе облысынан Әлияның сіңілісі Тәжен Нұрмұхамбетқызы арнайы келіп, қатысты. Тәжен Нұрмұхамбетқызы, Ә.Молдағұлованың сіңілісі: - Бұл патриоттық тәрбие беретін үлкен орда сияқты. Бұл жерден білім алған оқушылар өте қайырымды, мейірімді, Отанын қорғайтын үлкен азаматтар болады деп ойлаймын. Мәрмәр тұғырға орнатылған бюсттегі батырдың кейпі қатулы көрінеді. Біз көрген зұлмат заман қайта келмесе дегенді айтқысы келетіндей. Биік бюстті осы мектептен шыққан азаматтар өз қаржыларына тұрғызған. Айналасына осы ауылдан соғысқа аттанған ардагерлердің аты-жөні жазылған тас та орнатылған. Халқы тығыз орналасқан Мақтарал ауданында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне түрлі құрмет көрсетіліп жатыр. Жеңістің 70 жылдығына орай өз қалаулары бойынша біріне үй салып берді, енді біріне пәтер, көлік берілді. Ауданда ардагерлер қатары азайған. Серік Тұрбеков, Мақтаарал ауданының әкімі: - Ауданнан 15 мыңнан аса азамат соғысқа кетсе, соның 10,5 мыңы қайта оралмады. Соны еске түсіріп отырамыз. Бұны көрген жас ұрпақ, осыдан тәрбие алады, осыған қарап бойын түзейді деп ойлаймын. Ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрметтің арғы жағында жеткіншектердің тәрбиесі тұр. Мұндай шараға қатты маңыз берілетіні де содан.

Сұхбат

PhotoRoom