Шымкенттің жастары «Жеңіс рекорды» спорттық акциясын өткізді

Аймақ
07.05.2015, 09:58

Шымкент  қаласында  Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Жеңіс рекорды» патриоттық-спорттық акциясы өтті. Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері хабарлайды. «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы және «XIII Legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Шымкеттегі Әл Фараби алаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің  өшпес  ерлігі мен табагдылығы үшін қазақстандықтардың мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге және салауатты өмір салтына тәрбиелеуге арналған еліміздегі теңдессіз «Жеңіс рекорды» спорттық-патриоттық акциясын ұйымдастырды. Аталған спорттық іс-шара аясында мемлекет және қоғам қайраткерлері, олимпиада чемпиондары, өнер жұлдыздары, мемелекеттік органдардың өкілдері, жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен  әртүрлі таңғы жаттығулар орындалды. Спорттық іс-шараларды өткізуге шамамен 3000-ға жуық адам қатысты. Мерекелік бағдарламада қазақстандық әртістердің өнері тамашаланып, спорттық биден көрсетілімдер қойылды. Акцияға арналған ән ұранмен, спорттық тақырыптағы бейне роликтер көрсетілді. Акция барысында жастар 70 000 рет «отжимания» жасады. Акцияға Шымкент қаласының әкімшілігі, «Шымкент жастары» мекемесі, «Sky picture» компаниясы, «April» жарнама агенттігі және «Жас бүркіт» жастар ұйымы белсенді қолдау білдірдіріп  жастарды жігерлендірді.

Сұхбат

PhotoRoom