Ұлы Жеңіс күніне орай ОҚО-да арнайы кітап жарық көрді

Аймақ
07.05.2015, 11:45

ОҚО  әкімі А.Мырзахметов пен мәдениет басқармасы және ардагерлер кеңесінің тапсырысы бойынша, үш бөлімнен тұратын  Жеңістің 70 жылдығына орай ҰОС-на  қатысқан оңтүстікқазақстандық жауынгерлердің естелік кітабы жарыққа шықты. Кітаптың бірінші бөлімінде  қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары туралы мағлұматтарын тарихи мұрағат құжаттарынан алынды. Екінші бөлімінде сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материалдар жарияланды. Солардың ішінде бүкіл қазақ үшін алар орны ерекше бүгінгі қаһарманымыз - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик-Бауыржан Момышұлы  мен  Қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі, генерал-майор  Сабыр Рахимов. Сонымен қатар,  Оңтүстік Қазақстандық Совет одағының батырлары мен Даңқ орденінің кавалерлерінің өмірдеректері жазылды. Үшінші бөлімде  Оңтүстік Қазақстан облысынан соғысқа аттанып, ерекше ерлік көрсеткен Кеңес Одағының батыры, Даңқ орденінің иегерлерінің өмірдеректері бар және облыс әкімі А.Мырзахметовтың ұсынысымен ашылған «Даңқ» ескеркішінің  ашылуы туралы жазылды.   Бұл кітаптың бірнешеуі Шымкенттегі Жеңіс саябағында өтіп жатқан «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты салтанатты іс-шарада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне табысталды 

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, « 9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай аймақтағы ардагерлердің ерен еңбегін атап өту үшін арнайы кітап шығарылды. Бұдан бөлек біздің облыстан қатысқан 140 мыңнан аса жауынгердің тізімі мен олар туралы мәліметтер жазылған», - дейді әкім.

Асқар Мырзахметов кітап шығарудағы мақсат келешек ұрпақққа Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерлердің ерлігін жеткізу екенін атап өтті.

 

Сұхбат

PhotoRoom