Шымкентте «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты көрме өтіп жатыр

Аймақ
07.05.2015, 11:54

Көрмеге Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорындағы суреттер мен экспонаттар қойылған. Көрме «Оңтүстік өлкесі қаһарлы жылдарда», «Соғыстың қатыгез бейнесі», «Азат етуші майдангерлер» атты үш бөлімге бөлініпті.

Бірінші бөлімде Оңтүстік жұртшылығының соғыс басталысымен митингілер ұйымдастырғаны, азаматтардың әскери коммиссариаттарға барып соғысқа өз еркімен аттану сәттерінің және соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің майданға қосқан үлестері туралы фотосуреттер, құжаттар, соғыс жылдарындағы басылымдар, лозунгтер көрініс тапса, екінші бөлімде Брест қамалы, Мәскеу, Ленинград блокадасы, Сталинград үшін шайқасқан оңтүстікқазақстандық жауынгерлердің орден, медельдары, куәліктері, әскери киімдері мен соғыс жылдарында қолданған заттары, қару-жарақтары, сонымен қатар, соғыстың ауыр бейнесін бейнелейтін фотосуреттер кең көлемде қойылған.

Үшінші бөлімде Кеңес жауынгерлерінің, оның ішінде оңтүстікқазақстандықтардың өз Отанын ғана емес, Еуропаны азат ету сәттерімен қоса, Берлинде Ұлы Жеңісті қарсы алу барысындағы көріністері және батыр атағын алған оңтүстікқазақстандықтардың фотосуреттері, жеке кешендері қойылған. Сонымен қатар, көрмеде майдан даласын бейнелейтін окоптар қазылып, әскери палаткілер, жасырыну торлары, жасанды зеңбіріктер, дала асханасы көрініс тапқан. Жалпы, көрмеде 2000-нан астам жәдігер қамтылған ардагерлердің көңілінен шықты.

 

Сұхбат

PhotoRoom