Шымкентте Отан қорғаушылар мерекесі өтті.

Аймақ
07.05.2015, 12:50

Бүгін  Шымкенттегі «Түркістан»  салтанат сарайында  Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараға 2000 мыңдай облыс тұрғындары мен соғыс және тыл ардагерлері қатысты. Сонымен қатар, әскери горнизонының түлектері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Шарада облыс әкімі барша қазақстандықтарды және ҰОС, тыл  ардагерлерін бүгінгі мерекемен  құттықтап өз алғысын жеткізді. Соңы мерекелік бағдарламаға  ұласты. Тағылымы мол тарихи көріністі тікелей эфирден, Астанада  өткен пардатан  Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 70 жылдығына арналған еліміздің Қарулы Күштерінің әскери шеруі өтті. Сарбаздар заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы көрсетіп, шеберлігін байқатты. Парадты қабылдау барысында сөз сөйлеген Елбасы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. «Біз бабаларымыздың ерлік жолын қастерлеп, елдік жолын жақтаған ұрпақпыз. Ер азамат үшін туған жердің тұтастығын, елінің тыныштығын күзетуден асқан абырой болмаса керек», - деп атап өтті Президент. Сондай-ақ Елбасы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, әскерлердің ерлігі мен аналарымыздың еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын жеткізді. Отан қорғаушы мерекесінде ұзын саны 70 заманауи авиациялық техника көкке көтерілді. Олардың сапында майдандық, әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Ан-26 ұшақтары мен Ми-8, К-32 сынды тікұшақтар бар. Бұдан бөлек, еліміздің Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет жаңа жоғарғы маневрлі Су-30 СМ жойғыш ұшағы әскери шеруге қатыстырылды. Қорғаныс министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, алдағы парад біздің болашағымыз үшін, бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен батыр бабаларымызға зор құрмет болмақ. Сонымен қатар еліміздің берік қорғаны – Қазақстан әскерінің әлеуеті мен жауынгерлік күш-қуатын көрсетеді. Ауқымды шараға 5 мыңнан астам әскери қызметкер, 220 заманауи қару-жарақ пен арнаулы техника тартылды.

Сұхбат

PhotoRoom