Мақтаралда 300 орындық жаңа мектеп ашылды

Аймақ
07.05.2015, 20:44

Елбасымыздың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму» бағдарламасы біздің кәсіпорынға да әсері көп болды. Оңтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы әлеуметтік нысандардың күрделі жөндеу мен құрылысына республикалық және жергілікті қазыналардан қомақты қаражат бөлініп, толық игерілді. Осы тұрғыда,  Мақтарал ауданы, Берекелді елді мекенінде Әл-Фараби атындағы 300 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Білім ордасының ашылуына қатысқан аудан әкімі С. Тұрбеков берекелдіктерді білім ұясының ашылуымен және еліміздегі айтулы мерейлі мерекелермен құттықтады. Аталған мектеп аудандағы төрт жыл ішінде салынған 39-шы білім нысаны. Берекелді елді мекенінде оқушылар бүгінге дейін ескі апатты мектепте білім алып келген. Бірлігі жарасқан ауылда түрлі ұлт өкілдері тұратындықтан мұнда 3 тілде оқытылады.Мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға, компьютерлер алуға, қашықтан оқыту құралдарына, мультимедиялық кабинетке, оқушылардың жазғы сауықтыру лагеріне сонымен қатар мектептердегі медициналық кабинеттерге дәрі-дәрмектер барлығы дерлік сақадай сай үлгіде. Заманауи үлгіде салынған мектепте 462 оқушы білім алса, оларға 45 мұғалім сабақ береді. Барлық талаптарға сай жабдықталған білім нысанында спорт залы мен кітапхана да бар. Онда оқушылар спорттың 10 түрімен айналысса, ал, кітапхананың кітап қоры 9130. Оның 1825-і көркем әдебиет, 7305 данасы оқулықтар болса, ұстаздар мен оқушылардың білімін жетілдіруге жағдай жеткілікті.

Сұхбат

PhotoRoom