Шымкентте халықаралық суретшілер симпозиумы өтті

Аймақ
08.05.2015, 10:18

Симпозиум Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет басқармасы және Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілер ұйымының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай өтті. Симпозиумның мақсаты - елдер арасындағы достық қарым-қатынас, мәдени байланыс, өнер тұлғаларының тәжірибе алмасуы, бейнелеу өнерінің қазіргі таңдағы бағыты мен мәдениетінің дамуына үлес қосу. Қатысушылар Шәуілдірдегі «Отырар» мұражайы мен Отырар қалашығына және «Арыстан Баб», Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінде болып, хандарымыздың тарихымен танысты. Халықаралық симпозиумға Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан оннан аса суретші-кескіндемеші қатысты. Оның ішінде 5 қылқалам шебері — Оңтүстіктен. Бұл шараға ҚР суретшілер одағының облыстық филиалы ұйытқы болды.

27 сәуір мен 7 мамыр аралығында өткен бірінші халықаралық сумпозиум аясында жазылған кескіндемелік шығармалар қойылды. Көрме ерекшелігі — экспозициядағы туындылар бейнелеу өнеріндегі импрессионизм, постимпрессионизм бағыттарында жазылған.

«Ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысы халқының қонақжайлылығы бізді таңғалдырды. Содан кейін табиғаты тамсандырды. Бұл сипозиум көне тарихи қала Түркістанмен танысуға мүмкіндік берді», - дейді Новосібірден келген суретші-кескіндемеші Сергей Курбатов Салқын колорит орындалған этюдтердің өзінде Оңтүстіктің өзіне тән жылулығы сезіледі. Жанна Төлеева, өнертанушы: «Халықаралық деңгейдегі мәдени қарым қатынас — бұл достықты, ауызбіршілікті арттырады. Осы құндылықтардан айрылған өзге мемлекеттердің жағдайы не болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан да бұл шараның маңызы өте зор. Ал көрмедегі жұмыстарға келер болсақ, мұндағы бай колорит, табиғат өте тамаша бейнеленген. Бір ғана көріністің әртүрлі суретшінің салуынан бейнелеу өнеріндегі әртүрлі мектептердің ізін аңғаруға болады. Мұндай мәдени қарым қатынас ХХІ аса қажетті деп білемін.»

Сұхбат

PhotoRoom