«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы ел игілігіне айналуда

Аймақ
08.05.2015, 13:02

Еңбек нарқындағы сұранысты қамтамасыз ету – ел дамуының бірден-бір көзі.  Жұмыссыз  азаматтарды  еңбекке  тартып, арнаулы білім алуға көмегі көлдей болған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы біраз азаматтың  пайда  көзіне  қолын жеткізді. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 11 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес 2015 жылдың 31 наурызында ҚР Үкіметі №162 қаулысымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бекітілді.  Жобаның шарапатын өңіріміздің барлық тұрғындары көріп отыр, бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының бастығы  Ә.Темірбаева бірінші тоқсанның  жұмысын   мәлімдеді.  Осыған сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  биылғы  халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарытуралы» № 60 қаулысы қабылданды.  Жоспарға  сәйкес өңірімізге биыл  жалпы  5518,0 млн.теңге бөлініп  40,7 мың адам бағдарламамен  қамтылатын болады. Оның ішінде, мемлекеттік және аймақтық, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберіндегі жобаларға 767 адамды, бос жұмыс орындарына 5998 адамды жұмысқа орналастыру  жопарланған. Сонымен қатар жоспар бойынша жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу 2563 адам болса, оның 2714 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 707 адам және Жастар практикасына 414 адам ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін жіберу көзделсе, тиістісінше 827  жолданған.  Сондай-ақ, 60 адамға   шағын несие берілді.  Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, бұл жақсылықты тек қала жастарының 30  пайызы  қолданып  жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды, құрап отыр. Өңірде«Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, облыстың 9 аудан, қаласында (Қазығұрт, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Шардара, Түлкібас, Кентау, Түркістан) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.  Жәрмеңке қорытындысымен ақылы қоғамдық жұмысқа – 63 адам, оның ішінде 5 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар.

 

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom