ҰОС ардагерлерiне «өмiр белдеуi» телефоны берiлдi

Аймақ
08.05.2015, 16:01

Ұлы Отан соғысы ардагерлерi және ардагерлерге теңестiрiлген барлық тұлғаларға «өмiр белдеуi» телефоны берiлдi. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде «ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған іс-шараларды іске асыру туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ардагерлер ұйымының республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Өмiрзақ Озғамбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz

«Бүгiн таңертең бiз Мәскеу қаласында өтетiн шеруге Қазақстаннан қатысатын 6 ардагердi шығарып салдық. Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығын атап өту үшін бiздiң Үкiметiмiз ауқымды шараларды қолға алды. Елбасы ардагерлердiң мәселесiне ерекше назар аударып отыр. Сол шаралардың iшiнде елуден астам тармақта ардагерлерге көрсетiлетiн көмектер нақтыланған. Мысалы, пәтер алмаған азаматтарға пәтер беру, олардың тұрғын үйлерiн жөндеу, республикалық бюджеттен бiр мезгiлде бөлiнетiн қаражаттың мөлшерiн анықтау сынды мәселелер. Осы жылы ҰОС-ға қатысқан барлық ардагерлерге және тыл ардагерлерiне Жеңiстiң 70 жылдығына байланысты мерекелiк медальдер берiледі», - дейдi Ө.Озғамбаев.

Қоғамдық бiрлестiк төрағасының айтуынша, бұл шаралардың барлығы жалғаса бередi. Бүгiнде саны бес мыңға жетпейтiн соғыс ардагерi ғана қалды және оның көбi төсекке таңылған. Олардың барлығына дерлiк қазақша «өмiр белдеуi» деп аталатын телефондар берiлдi. Оның бiр ерекшелiгi – бұл құрылғыны қалта телефоны ретiнде пайдалануға болады, ал басы ауырып, денсаулығы сыр берсе, аспаптағы қызыл түйме арқылы өзiне қажеттi көмекке немесе диспетчерлiк пунктке тiкелей шығатын көмек құралы ретiнде пайдалануға болады. Бұл түйме басылып, хабар жеткенде ол кiм, қай мекен-жайда тұрады, қамқоршысы кiмдер деген секiлдi мәлiмет алдындағы дисплейде шығып тұрады», - дейдi Ө.Озғамбаев.

 

Сұхбат

PhotoRoom