Жеңістің 70 жылдығына, 70 метр лентаны алып жүріп рекорд жасады.

Аймақ
08.05.2015, 16:52

Шымкентте  Ордабасы алаңынан шыққан  ондаған адам Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына арнап жасалған 70 метрлік естелік лентасын көтеріп, Даңқ мемориалына жол тартты. Бұл шара бүгінгі біздің бейбіт өміріміз үшін ажалмен бетпе-бет айқасқа түсіп, қасық қаны қалғанша Отанды қорғаудың өшпес үлгісін көрсеткен майдангерлердің рухтарына тағзым ету болып табылады. Лентаны ел қала тұрғындары, әскери бөлімдері, ардагерлер ұйымдары, әскери-патриоттық клубтардың өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен еріктілердің қатысуымен өтті. Шараға қатысушыларды полиция қызметкерлері күзетті,  саптың алғашқы шебін ардагерлердің өзі бастап жүрді. Күннің ыстығына қарамастан қатысушылар белсенділік танытып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Акцияны Ұлы Отан соғысының ардагерлері арнайы жалданған лимузин автокөлігімен бастап жүрді. Шамамен бір сағатқа созылған акция кезінде жүргізуші Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар туралы сөз сөйлеп, әңгімелеп отырды. Сұрапыл соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, сол кезеңде жазылған өлеңдер мәнерлеп оқылды.

Шымкент қаласының тұрғыны,  Мадина Ағыбаева бұл акцияға қатысуды өзінің  азаматтық парызы деп білетінін жеткізді.

«Ұлттық  рухты  тәрбиелеу мақсатында акцияға мектеп жасындағы екі баламды да алып келдім. Олар бізбен бірге Ордабасы алаңынан Даңқ мемориалына дейін келді. Бұл шара арқылы балаларыма  теңдессіз батырлық үлгісінен қалған бұл естелік лентаны  белгі ретінде қалуын, ендігі ұрпақтың тек бейбіт күнді ғана көруін тіледім.», - дейді Мадина Ағыбаева.

 

Сұхбат

PhotoRoom