Шардарада ҚОС НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Аймақ
08.05.2015, 19:16

Ұлы  Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Шардара қаласында қос нысан пайдалануға берілді.  «Тұңғыш Президент» саябағында «Даңқ» ескерткіші тұрғызылып, жаңадан бой көтерген «Ардагерлер үйі» іске қосылды. Тұрғындардың көзқуаныштарына айналған осынау нысандар 8 мамыр күні салтанатты түрде ашылды. Айтулы шараға облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов пен аудан әкімі Қ.Айтөреев, аудандық мәслихат хатшысы Т.Бердібеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ағманұлы саябақ ішіндегі Кеңес Одағының батырлары С.Әшіров пен А. Әлімбетовтің, Оңтүстіктен шыққан Халық ҚаһарманыМ. Қалмырзаевтың ескерткіштеріне соғысқа қатысқан 800-ге жуық азаматтың есімдері ойылып жазылған мәрмар тас пен мәңгілік алау жағылған тұғырдағы  жауынгер ескерткішіне мерекеге қатысқан қонақтар гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.Шарада сөз алған Облыс әкімінің орынбасары  Е.Айтаханов  «Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі барлық өңірімізде қызу тойланып жатыр. Бұл күннің маңызы біздер үшін ерекше. 1941 жылы неміс фашистері тұтқиылдан шабуыл жасап, бейбіт елдің берекесін кетіргені баршамызға мәлім. Өрімдей жастар қолына қару алып, Отанды жау қолынан ерлікпен қорғап шықты. Бір ғана біздің Оңтүстік Қазақстан облысынан 140 мыңнан астам азамат соғысқа аттанған болса, солардың жартысынан астамы  алапат шайқаста ерлікпен қаза тапты. Бүгінгі ашылып отырған ескерткіш-мемориал біздің майдангер ағаларымызға көрсетілген құрмет болса, кейінгі жас ұрпаққа өнегелі тәрбие. Соғыс деген ұғым – әрбір адамзат баласы үшін үрейлі сөз. Біздерге жарқын өмір сыйлаған майдангерлерімізге мың тағзым!Жеңістің 70 жылдығы баршаңызға құтты болсын!»  деді. Қос қуаныштың екіншісі  «Ардагерлер үйінің» кешені,  құрылысын «ШарОрда» ЖШС-і жүргізді. Бас мердігер «Жасыл аймақ» мекемесі айналдырған 1,5 айдың ішінде осынау әсем ғимаратты тұрғызып, пайдалануға берді. Айта кетейік, өткен жылдың жаз айында облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұловтың бастауымен облыстағы бір топ еңбек ардагерлері Шардараға келіп семинар өткізген болатын. Сол кезде осы саябақ ішінен болашақ ардагерлер үйінің қазығы қағылып еді. Енді міне, Ғани Тайжанов сынды елжанды азаматтың арқасында  сол орында еңселі ғимарат бой түзеді. Мерекеге келген қариялар: «Осы ардагерлер үйін салуды қозғап жүргенімізге бірнеше жылдың жүзі болып еді.  Сол арманымыз енді жүзеге асып жатыр. Бұл жерде алдағы уақытта бас қосып, мәслихаттасып отыратын боламыз» - деп қуаныштарын білдірді.

 

Сұхбат

PhotoRoom