Астаналық қонақтар С.Рахымовты есіне алды

Аймақ
08.05.2015, 23:17

ОҚО-ға  Жеңістің  70 жылдық мерейтойына орай  Астадан арнайы келген  қонақтар.  

 Кеңес Одағының батыры, генерал-майор  Сабыр Рахымовты есіне  алды. Жеңіс саябағына жиналған қауым батыр ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды.

  1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкібел ауылында дү­ниеге келген Сабыр Рахымов 1943 жы­лы  41 жасында генерал-майор шенін алған. Ұлы Отан соғысында 395-інші және гвар­диялық 47-інші, 37-інші атқыштар ди­­визияла­ры­ның командирі болған. Төрт рет  Еңбек  Қы­зыл Ту орденімен  және «Қы­зыл жұлдыз»  қол­басшы  құрамына бері­летін ІІ дәрежелі Суворов, Кутузов ордендерімен марапат­тал­ған. 1945 жы­лы 26 наурызда болған жой­қын ұрыста ауыр жара­қат алып, қаза тапты.

Астаналық қонақтар бастаған ел ағалары Қазақ халқының даңқты ұлы генерал-майор Сабыр Рахымовтың ерлігін сөз етіп, оның  өнегелі ғұмырынан сыр шертіп, өскелең ұрпаққа өнеге етті.

Мерекелік шарадан соң көпшілік кинотеатрға ағылды. Қазақ батыры туралы деректі фильмді тамашалады. Биыл  қазақтың тұңғыш генералы, Ұлы Отан соғысына қатысып көрсеткен ерліктері үшін Кеңес одағының батыры атанған  Сабыр  Рақымовтың туғанына 113 жыл толмақ. Осынау киелі өңірдің көріністерімен басталған «Генерал Рахымов» деректі фильмінен  бір  сағаттық туындыда батыр бабаның балалық шағы, ерлік жолдары арқау болды. Бұл фильм ұзақ жылдар бойы өзбек халқының батыры, өзбектен шыққан тұңғыш генерал деп құрметтеп келген тұлғаны жіті танытты дейді көрермендер

Сайгез  Ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom