Ардагерлерге құрмет көрсетiлу жалғасуда

Аймақ
10.05.2015, 23:29

Жеңіс мерекесі. Қазақстан Тәуелсіз ел атанып, терезесі өзгелермен теңескен тұста елді қорғау ерге сын болса, өткенді ескеру, тарихты тану бүгінгі ұрпаққа парыз болса керек-ті. Тәуелсіздігіміздің әр жылы – ғасырға бергісіз тарихи кезеңдер. Себебі, өткен кезеңнің әр жылында, әр күнінде еліміз үшін, оның болашағы үшін қаншама айтулы, тарихи оқиғалар жүзеге асты. Соның бірі де, бірегейі – соғыс ардагерлеріне көрсетіліп жатқан мемлекеттік құрмет екендігіне тоқтала кетсек.

Ұлы Отан соғысы туралы, оған қатысушылар жөнінде, ардагерлерге көрсетіліп жатқан қамқорлықтар тұрғысында жақсы білеміз. Себебі, екінші дүниежүзілік соғыстың салған жарақаты, он миллиондаған боздақтардың қыршын кетуі, бұл — өшпес жара, ұмытылмас тарих. Жеңіс біздің бабаларымыздың, әкелеріміздің қанымен келген. Сондықтан, 9 Мамырды ұмыту, тарих бетінен сызып тастау мүмкін емес. Уақыт алға жылжыған сайын, сұрапыл соғыстың тірі куәгерлерінің де қатарлары селдіреп, азайып бара жатқандары анық. Осы тұрғыда, Оңтүстік Қазақстан облысында ардагерлердің шипажайларда ем қабылдауы үшін және коммуналдық жеңілдіктер қарастырылған. Майдангерлер қоғамдық көліктерде тегін қатынайды. Амақтағы ардагерлер емдеу мекемелерінде ем-дом қабылдап, дәрі-дәрмектердің арзан бағамен берілуі шешілген. Жақында Облыстық ардагерлер үйінде бес ардагер «Ұлы Отан соғысына 70 жыл» медалімен марапатталды.Сонымен қатар, соғыс және тыл ардагерлеріне «дабыл түймесі» табысталды. Сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер А.Бабаев мұндай сый-құрметтің арқасында әлі де ұзақ жасауға болатынын қалжыңмен жеткізіді.Мұнан соң, республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің ұйғарымымен еңбек ардагері, жазушы М.Байғұтқа «Құрмет белгісі» төсбелгісі табысталды.

Жеке тұратын және денсаулығы төмен тыл және соғыс ардагерлеріне 15 «Дабыл түймесі» табысталып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін ардагерлерге электр пештерін тару етті.

Сұхбат

PhotoRoom