Қызылордада кең ауқымды іс-шара басталды

Аймақ
12.05.2015, 17:41

Азаматтарды кездейсоқ қатерлерден сақтау, өмірі мен денсаулықтарына зиян келтірумеу мақсатында дауыс ұлғайтқыш құралдарын пайдалана отырып, азаматтар көп шоғырланатын жерлерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қатаң сақтау туралы патрульдік автокөліктермен күнделікті үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Іс-шара аясында облыстық әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы жалпы білім беретін мектептерде оқушылармен кездесу жиындар өткізді. Жасөспірімдер кінәсінен болатын жол апаттарының алдын алу мақсатында сынып оқушыларына жолда жүру тәртібін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, №101 орта мектебінің 6-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік селфиі» атты шара өткізілді. Шара барысында оқушылар арнайы берілген парақшаларға суреттер салып, шығармалар жазды және естелікке фотосуретке түсіп, халықты жол ережесін сақтауға шақырды. Аталған шара осы бағытта қала орталығындағы басқа мектептерде де жалғасады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында биылғы жылдың 10 мамырында облыс орталығындағы мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерінде және Облыстық медициналық орталығының «Балалар хирургиясы» бөлімшісінде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен және тұрмыстық жарақаттар алған жасөспірімдер мен ата-аналарына жолда жүру ережесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды.

Сұхбат

PhotoRoom