ҰБТ-дағы жаңа өзгерістер

Аймақ
13.05.2015, 00:38

Биыл тестілеуді өткізу барысы бірқатар өзгеріске ұшырамақ. Алайда, бұл тек ұйымдастыру шараларына қатысты болып отыр. Тесттің негізгі форматы сол қалпында қалады. Яғни, бақылау күшейтіледі, тест өтетін орындарда ұялы телефондарды өшіру қондырғылары орнатылады. Ауылдық - аудан мектептерде тестілеу барысын тек бір адам, яғни Министрлік өкіл қадағалайды, кезекшілер болмайды. Комиссия мүшесі тестте тәртіп бұзған оқушыны тестен шеттетуге немес жауап қорытындысын жою туралы шешім қабылдауға құқылы екен. Ал,  қорытынды  балмен білім және ғылым министрлігінің сайтынан үйде отырып-ақ таныса алатындарын естіп,  ата – аналар қуануда.

Ұстаздар қауымы да бұл өзгеріске қуанбаса, өкініп отырған жоқ. Осылайша, оқушылар арасындаға алауыздық жойылады деп санайды. ҰБТ-ға енген тағы бір өзгеріс бар. Ол аттестатқа қойылатын бағаға байланысты. Анығырақ айтсақ, бұрын ұлттық тестілеудегі қорытынды баға түлектің жылдық көрсеткішіне едеуір әсер ететін. Енді енгізілген өзгеріске байланысты ортақ шешім қойылатын болды. Биыл Оңтүстікте 31 мыңға жуық оқушы 11 сыныпты бітіреді. Оның тек 18 588-і ғана ҰБТ тапсырмақ. Өңірде 169 ҰБТ тапсыру пункті жұмыс істейтін болады. Олардың барлығы бейне жазу құрылғыларымен жабдықталуда. Ал өзгерісті жатырқамай қабылдаған жоғары сынып оқушылары білім сынағы адал әрі ашық өтетініне сенімді.

Сұхбат

PhotoRoom