«Қалауын тапса қар жанады». Орайын келтіріп, ретін тауып, мүмкіндігіне қарай қимылдаса жасалмайтын шаруа жоқ. Қолға алған, көзделген жұмыстың бәрін өзінің жік-жігімен, жай-жапсарымен болатынын көз көріп жүр. Осы орайда, Қазақстан Президенті білім беруді жұмыстарын жалғастыры туралы. «Болашақ экономикалық өсімге негіз қалауға мүмкіндік беретін адам капиталына салынатын ұзақмерзімді инвестиция. Білім беру саласында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды, орта білім бойынша жан басына қаржыландыру тәртібіне көшуді және 12 жылдық білім беру моделіне біртіндеп өтуді жалғастыру қажет» деген еді Мемлекет басшысы. Осы тұрғыды, Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 101 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылысы жүріп жатқан нысандардың 82-сі мектеп болса, 14 жаңа балабақша ал, қалған 5-і мектеп жанындағы қосымша құрылыстар. Осы білім нысандарының 67-і биыл пайдалануға беріледі. Оның ішінде 49 білім нысандарының 27-і апатты, 3-і - үш аусымды, 13-і балабақша. Сондай-ақ, балғындарды балабақшамен қамту мақсатында жыл соңына дейін 12 мың баланы қамтитын 95 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға беріледі. Оның 48-і мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылмақ. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саясаты 1-6 жасар аралығындағы 151948 баланы қамтитын 1412 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Естеріңізге салсақ, былтыр өңірде 115 білім нысанының құрылысы жүрген болса, «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі 160 ұйым іске қосылған.