Түлкібас ауданында мобилдік әк тас өндіру және тас ұнтақтау кешені іске қосылды. «КАС-бетон» жауапкершілігі серіктестігіне қарасты зауыт жылына цемент өндіруге қажетті 500 мың тонна ізбестас шығарады.
Бұл мекеменің негізгі тұтынушысы өңірдегі іргелі кәсіпорын Стандарт Цемент зауыты. Аталған кәсіпорынның шикізатқа деген тәуелділігін қанағаттандырған кешен 140 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Енді ғана іске қосылған кәсіпорын аудан экономикасын айтарлықтай жақсартады.
Біріншіден жұмыссыздар санын азайтса, екіншіден салық төлеу арқылы аудан бюджетінің бүйірін томпайтады. Одан кейін аймақта жер қойнауын тиімді пайдалану жұмыстары жақсарып, өндіріс өркендейді. Осылайша, әлеуметтік жағдай жақсарып, әлеуметтің әлеуеті артады. Түлкібас ауданының әкімі Қ.Абдуалиевтің мәліметі бойынша, Елбасының жарлығына сәйкес, экономикамызды жаңғырту мақсатында Стандарт Цемент ЖШС-імен бірге үлкен жұмыстар жасалды. Одан бөлек, бұл зауыт өңірдегі цемент өндірісінің де өрісін кеңейтеді деп күтіп отырмыз. Өйткені, цемент шығаруға қажетті сұранысты қанағаттандыруға толық мүмкіндік бар мұнда. Өндірістің алғашқы кезеңінің өзінде тәулігіне 50 вагон өнім өндіріп отырған зауыт бұл көрсеткішті екі есеге дейін артыра алады екен. Серікжан Сейтжанов, облысық мәслихаттың депутаты: Бұның үлкен келешегі мол. Шілде айында стандарт цементтің 2-ші кезегін жібереміз. Жоғары маркалы цемент. Сонан соң мұнайшыларға керек компанаж цемент шығарамыз. Сол цементтерге ізбестас әктің керек екендігі белгілі. Егер өндірістің қуаты артса, бәсекелестік жақсарады. Өңірдегі құрылысы жүріп жатқан нысандарға қажетті материалды толықтай өзіміздің өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады