Қазалы шахматшылары облысқа жолдама алды

Аймақ
13.05.2015, 09:29

Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс баһадүр» атындағы стадионда 7 мамыр Отан қорғаушылар және Ұлы жеңістің 70 жылдығы аясында шахматтан жасөспірімдер арасында аудандық жекелей біріншілікке 65 спортшы қатысты. 

Ер балалар арасында 2003-2004 жылы туылғандар І орынды №16 орта мектептің оқушысы Оңталап Рахманберді иеленді, ІІ орынды №226 мектеп гиназия оқушысы Санат Тиышбаев иеленсе, ІІІ орынды №234 орта мектептің оқушысы Талант Жақсылық иеленді. Ал қыздар арасында І орынды №249 мектеп лицейдің оқушысы Жанаргүл Өмірзақ иеленді, ІІ орынды №216 орта мектеп оқушысы Айда Үйрекбай иеленсе, ІІІ орынды №226 мектеп гимназия оқушысы Бағнұр Аманкелді иеленді. 

2005-2006 жылы туылған ұлдар арасында І орын №226 мектеп гимназия оқушысы Жиенбай Мағжан. Қыздар арасында І орын №249 мектеп лицейдің оқушысы Құбылқызы Жаннура.
2007-2008 жылы туылған ұлдар арасында І орын №103 орта мектеп оқушысы Бертағы Хамза. Қыздар арасында І орын №226 мектеп гимназия оқушысы Өтепберген Алтынай.
Іріктеу барысында облыстық жарыстарға ауданнан барлығы 8 жасөспірім жеткіншектер жолдама алды.

Сұхбат

PhotoRoom