95 жастағы қарияның мерейтойы өтті

Аймақ
13.05.2015, 09:32

Қазалыда Ұлы Отан соғысының ардагері Пірназар Мырзатаевтың 95 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Кешті аудан әкімі Бахыт Жаханов құттықтау сөзімен ашып, майдангерге Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерекелік медалін табыстады. Сонымен қатар кеш кейіпкерінің 95 жылдық мерейтойына арналған арнайы марапаты мен сый-сияпатын жасады.

Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан мерейтой иесі ғасырға жуық ғұмырында талай асудан мұқалмай өтіп, еңбек майданында қызмет еткен.

Соғыстан оралған соң ол зейнеткерлікке шыққанша ауданда бірқатар жауапты қызметтер атқарған. Салтанатты шараға жиналғандар соғыс ардагері Пірназар ақсақалдың азаматтық, адамгершілік, басшылық және ерлік істерін жас ұрпаққа үлгі етті.

Киев, Польша, Венгрия, Австриядағы бірнеше қалаларды азат етуге қатысқан ақсақалдың мерейтойы туған жері Басықара ауылында ерекше салтанатпен өтті.

Сұхбат

PhotoRoom