Жас кәсіпкерлер форумы өтті

Аймақ
13.05.2015, 09:34

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев дәстүрлі Жолдауларында «Нұр Отан» партиясына басымдық беріп, қоғамдағы мәселелерге  партияның араласуына жол ашып келеді. Солардың бірі - бүгінгі өткен «Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасын іске асыруға бағытталған «Мықты бизнес – қуатты мемлекет» атты жас кәсіпкерлер форумы.

Аудан әкімі Б.Жарылқап ашып, жүргізіп отырған форумға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Қ.Датқабекова, Жастар ресурстық орталығының «Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау» бөлімінің аға кеңесшісі Ж.Досмаханов қатысып, өз ойларымен бөлісті.

IMG_0455

Форум барысында мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар, жаңа кәсіпкерлік түрлері туралы баяндалып, жастарға кеңестер айтылды.

Сондай-ақ, жас кәсіпкерлер М.Қаниев, Н.Қазбергенов және Қазалы қаласындағы Орталық алаңға «Демалыс ойын-сауық орнын» ұйымдастыруды қолға алған Ж.Жұбанғанов ойларын ортаға салды.

Шара соңында аудан бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытуда белсенділік танытып жүрген бір топ жас кәсіпкерлер аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының және облыстық салалық басқарма басшыларының «Алғыс хаттарымен»  және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom