ОҚО-ның 3 ауданында күн электр стансасы пайдалануға беріледі

Аймақ
13.05.2015, 17:45

Еліміздің оңтүстігіндегі кәсіпкерлер «жасыл энергетика» саласының тиімді тұстары көп екенін түсінген. Аймақта биылдың өзінде 110 мегаватт электр энергиясын өндіретін 4 жоба жүзеге асырылмақшы. Осылайша өңірдегі баламалы қуат өндіретін нысандарға инвестиция салу ұлғайып келеді. Олардың үшеуі күн, біреуі шағын су электр стансасы. Арнасы Ақсу өзенінен бастау алатын каналдың бойына салынып жатқан мына шағын су электр стансасының құрылысы ерте көктемде басталған. Отандық инвестор өз қаржысын салған бұл жоба күзге қарай іске қосылады. Қысы-жазы суы тоқтамайтын каналдағы ағыстың екпіні күшті. Нұрлан Тамабаев, электр стансасының қызметкері -63 метрлік су құлайтын биіктікті алып отырмыз, жердің релефіне байланысты. Біздің есептерміз бойынша 2,5 мегаватт өндіруіміз керек. Екі агрегат тұрады, әрқайсысы 1250 киловатттан. Каналдағы судың бағыты, көлемі өзгерместен, ара қарай аға береді. Экологияға еш зиян келген жоқ. Бұл компанияның баламалы қуат өндірудегі тәжірибесі жеткілікті. Бүгінге дейін күн сәулесінен қуат өндіретін екі жерде қондырғылары бар. Екеуі де сағатына 1 мегаваттан электр энергиясын өндіреді. Оған оңтүстік өңірдегі ауа райы өте қолайлы. Жылына 260 күн аспан ашық болып тұрады. Өндірілген қуат есептеліп, таратушы компанияға беріледі. Еситдин Махаматов, оператор -Ренеріне қарап, қай сағатта қанша істеді, электросетьке қанша өтті, бәрін жазамыз. Сөйтіп есептеп, мәлімдеме береміз. Оның алғашқы тұтынушысы болғаны үшін Шымкентті ауыз сумен қаматамсыз ететін компания өткен жылы электр энергиясын біршама жеңілдікпен пайдаланыпты. Керімбек Ағабаев, су ресурстары компаниясының энергетигі -Соның есебінен бір жылда 3,5 миллион теңге пайда келтірді бізге. Сол пайданың есебінен біз өзіміздің насостарымызды жаңартып, басқалай да қажеттерімізге жараттық. Жыл соңына дейін Арыс қаласында 12 мегаватт, Отырар мен Сарыағаш аудандарында жалпы 95 мегаватт қуат өндіретін күн электр стансасы пайдалануға беріледі. Ал Сайрам ауданында су электр стансасы іске қосылады. 2017 жылы баламалы қуат өндіретін нысандар облыстағы электр энергиясының тапшылығын жояды деп болжанып отыр.

Ақпарат көзі: khabar.kz

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom