ОҚО-да бүйрек трансплантациясы жасалуда

Аймақ
13.05.2015, 17:52

Бауыр ауруларын емдеу бүкіл әлем бойынша күрделі мәселе болып отыр. БДҰ-ның Европалық бюросының мәліметтері бойынша өңірдің 43 елі бойынша бауырдың созылмалы ауруынан қайтыс болатын науқастар саны жөнінен ТМД-ның 7 елі алдыңғы қатардан орын алады (100 000 адамға шаққанда 25-тен аса қайтыс болғандар). Бұл көрсеткіш Европа елдері бойынша 17 құрайды.  Қазір ОҚО бойынша әр түрлі бауыр аурулары бойынша 90-нан аса науқас есепте тұрады. Бауыр ауруының  асқынған түрімен науқастардың көпшілігі (гепатит, баурыз циррозы, бауырдың қатерлі ісігі) қазіргі таңда бауыр алмастыру отасын жасауға зәру.  2015 жылдың 4-8 мамыр күндері материалдық-техникалық жабдықталуы жоғары дәрежедегі және қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілген Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында аты  әлемге әйгілі трансплантолог, профессор Олег Олегович Руммо бастаған Беларусь Республикасының «Органдар мен тіндердің трансплантациясы» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының мамандарының қатысуымен мастер-класс өтті. Аталған мастер-класс шеңберінде бір бауыр алмастыру отасы жасалды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайына төніп тұрған қауіп жоқ.  Бұл мастер-класс трансплантология саласына тікелей қатысы бар – хирургтарға, анестезиолог-реаниматологтарға, гепатjлогтарға және трансфузиологтарға, жалпы саны 32 маман-дәрігерлерге арнап ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге дейін Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында трансплантациялық қызмет қарқынды түрде дамып келеді. Екі жыл ішінде 43 бүйрек және 2 бауыр ауыстыру операциясы жасалды, HLA-лабораториясы белсенді жұмыс істеуде.

ОҚО денсаулық сақтау саласына жоғары технологияларды енгізу  маман-дәрігерлердің біліктілігін арттырады, өңір халқына көрсетілетін медициналық көмек сапасын жаңа сатыға көтеруге өз септігін тигізеді.

Сұхбат

PhotoRoom