Шымкентте балаларға арналған алғашқы көрме ашылды

Аймақ
13.05.2015, 18:28

Шымкентте БҰҰ Босқындар істері жөніндегі агенттігінің Шығармашыл бастамашыл әйелдер лигасымен бірлесе ұйымдастырған жобасы босқын балалар мәселесіне қоғам назарын аудартуға бағытталған. «Босқын балалар ерте бастан өмірдің ауыртпалықтарымен бетбе-бет келіп, соғыс зардаптарын тартады және балғын балалық шақтың қызығын дұрыс көре алмайды. Ұсынылған жұмыстар босқындар тақырыбына тікелей қатысы жоқ, яғни балалық шақ сынды адамның қысқа әрі ең бағытты шағын аялауға шақырады. Көрменің ерекше маңызға ие бөлігі - босқын балалардың суреттері. Аталмыш бағытта бұл жоба іске қосылған болатын.  Көрме көркемсурет, графика мен сәулет өнерін біріктіріп отыр. Мұнда 60-тан астам жұмыс қойылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, босқын балалар жобаның бас кейіпкерлері болып табылады. Шымкентте балаларға арналған көрме өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған шараға балалар ойнайтын ойыншықтан бастап киім-кешекке дейін қойылған. Көрмеде отандық тауар өндірушілер мен қоса шетелдерден әкелінген өнімдер орын алған. Отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараны тамашалауға келген халықтың қарасы қалың. Ұйымдастырушылар бұл көрме жергілікті іскерлердің әріптестік байланыс орнаутына жол ашып, саладағы түйткілді мәселелерді ортаға салуға мүкіндік береді дейді. Мамандардың айтуынша, бұл жоба әле де жалғасын тауып жетім және көпбалалы отбасыларға көрмеге қойылған тауарлар тегін үлестіріледі деп жоспарлануда. Одан басқа, тұрақты сатып алушыларға да жеңілдіктер жасалған. Көрмедегі ойыншықтар мен киім- кешектер табиғи таза және сертификатталған.

Сұхбат

PhotoRoom